Қызылтас – Кішітау тауларының оңтүстік-шығысындағы аласа тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Жезді кентінің оңтүстік-шығысында 7 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 542 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 2,5 км.

Жер бедері Беткейі көлбеу, солтүстік бөлігіндегі жартастардың биіктігі 20-25 м-ге жетеді. Шығысынан Көкдомбақ өзенінің саласы бастау алады. Солтүстік-шығысында Итауыз, солтүстік-батысында Ақжал, оңтүстігінде Жанай таулары, батысында Ащықұдық құдығы, шығысында Жаман қыстауы жатыр.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, боз, селеу, қылқұрт, бұталы өсімдіктер өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы таулары