Жигмонд Кишфалуди-Штробль (; , Альшорайк — , Будапешт) - венгр мүсіншісі, ВХР-дің халық суретшісі (1952), КСРО Көрсемсурет академиясының құрметті мүшесі (1958). Будапештегі Сән және қосалқы өнер институтында (1900-1905), Венадағы қосалқы өнер академиясында (1905-1906) және Париждегі Жюлиан академиясында. (1906-1908) оқыды. 1924 жылдан Будапешт Көркемсурет академиясының профессоры. 1910-1920 ж. негізінен динамикалық композияциясымен ерекшеленетін монументті-сәндік пластикалар («Садақшы», қола, 1918-1919, Ленинград, Эрмитаж) жасады. Венгрияда халық өкіметі орнағаннан кейін, Жигмонд Кишфалуди-Штробльдің негізгі еңбектері өмірге келді: Геллерт тауындағы (Будапешт) маңы Бостандық ескерткіші, портреттер («Сомерсет Моэм», 1948) және қондырмалы мүсінге жататын шығармалары («Шалғышы», 1954). Кошут атындағы Сыйлықтың лауреаты (1950, 1953).
Қолданылған әдебиет Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 455 бет
Сыртқы сілтемелер
Санат:1884 жылы туғандар Санат:1975 жылы қайтыс болғандар Санат:Венгрия мүсіншілері