Қоянды – Ақтау тауларының солтүстік-батысындағы аласа тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ақтүбек ауылының оңтүстік-шығысында 36 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 617 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-ге созылған, енді жері 2 км.

Жер бедері Беткейі көлбеу, аз тілімделген. Батысында Керегетас (563 м) тауы, шығысында Қосбұлақ бұлағы бар.

Өсімдігі Етегіндегі бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас жусан, бетеге, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы таулары