Ерлан Ағзамұлы Тайғұлов (1957 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) – медицина ғылымдарының докторы (1997).

Еңбек жолы 1980 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын (қазіргі Семей мемлекеттік медициналық академиясы) және 1984 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) аспирантурасын бітірген; 1980-1983 жылдары Семей қалалық ауруханасында дәрігер болды; 1989 жылдан Семей мемлекеттік медицина институтында ассистент, ғылыми қызметкер, доцент; қазіргі кезде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.

Ғылыми еңбектері 1996 жылы «Результаты применения эритроцитарных фармакоцитов в комплексном лечении хирургических больных с воспалительными заболеваниями печени и желчных путей» тақырыбында докторлық диссертация қорғады; 60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақстан тарихы: Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2010. – 544 бет. ISBN 9965-893-30-1

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары