Павел Иванович Мельников (лақап аты – Андрей Печерский; 1818 жыл 6 қараша, Нижний Новгород – 1883 жыл 13 ақпан, Нижний Новгород) – орыс жазушысы.
Еңбек жолы Дворян отбасында туған. 1837 жылы Қазан университетінің сөз өнері факультетін бітірген. Мельников әдеби қызметін XIX ғасырдың 50 жылдары бастады. «Красильниковтар» (1852), «Поликарп атай» (1857) т.б. алғашқы әңгімелерімен жұрт назарын аударды. Оның көрнекті шығармалары - «Орманда» (1871-1874), «Тауда» (1875-1881) романдары. Бұл шығармаларында сол кездегі қоғам өмірінің сан алуан шындығын суреттеді. Ол тарих, этнография және статистика мәселелері жөнінде де көптеген еңбектер жазды.
Шығармалары Полное собрание сочинений, т. 1-7, П., 1909; Собрание сочинений, т. 1-6, М., 1963.Қазақ Совет Энциклопедиясының бас редакциясы. 1975
Дереккөздер
Санат:Төменгі Новгородта қайтыс болғандар Санат:XIX ғасырдағы Ресей жазушылары Санат:Ресей империясы этнографтары Санат:XIX ғасыр этнографтары Санат:Қылышты I дәрежелі Әулие Анна орденінің иегерлері Санат:Қылышты II дәрежелі Әулие Анна орденінің иегерлері Санат:1 дәрежелі Әулие Станислав ордені иегерлері Санат:4 дәрежелі Әулие Владимир орденінің иегерлері Санат:Қызыл зиратта жерленгендер Санат:Қоғамдық игілік жазушылары Санат:XIX ғасырдағы орыс жазушылары Санат:Нижегород гимназиясы түлектері Санат:Қазан университеті түлектері Санат:Ресей фантаст-жазушылары Санат:Тарихи романдар авторлары Санат:Пермь тұлғалары Санат:Ресей империясы баспагерлері