Қозыкөш, Қозыкеш – Есіл өзенінің оң саласы. Нұра мен Есіл өзендерін жалғастыратын қыларна.
Географиялық орны Ақмола облысы Целиноград ауданының оңтүстігімен ағады. Ұзындығы 40 км.
Бастауы Бастауын Нұра өзенінің оң жағалауындағы Қосшы және Қарамойыл ауылдары аралығынан алады.
Гидрологиясы Нұра мен Есіл өзендерінің қосылатын телімінің ені 2-6 км және Есіл өзеніне қарай еңкіш келген аңғар тәрізді ойлауыт түрінде қалыптасқан.
Өсімдігі Жайылымының сортаңдау шалғынды және қоңыр топырағында әр түрлі шөптесіндер аралас бидайық, айрауық, арпабас, сораң, ақтікенді-жусанды өсімдіктер өскен.
Шаруашылықтағы қолданысы Сарқырама және Мұқыр, сонымен қатар Қозыкөштің төменгі ағысында Нұра өзенінің суы Есілге мөлшерден тыс кетіп қалмау үшін топырақтан үйілген су жиналатын бөгеттер солынған. Бұл су жайылманы көлтабандатып суландыруға да пайдаланады. Өзен аңғары жоғарғы өнімді шабындық саналады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Есіл су алабы Санат:Целиноград ауданы өзендері