Қараторғай – Торғай алабындағы өзен.
Географиялық орны Қостанай облысының Арқалық қалалық әкімдігі аумағы және Ұлытау облысының Ұлытау аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 284 км, су жиналатын алабы 15,5 мың км2.
Бастауы Бастауын Арғанаты (Дондығұл) тауының батыс беткейінен алып, Арал ауылы тұсында Торғай өзеніне құяды.
Гидрологиясы Аңғары жоғарғы арнасындағы аласа төбелер арасында 0,2-0,5 км, төменгі ағысында 1-2 км шамасында. Арнасында бірнеше шоңғал табандырық (терраса) бар. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Ағынының 90%-ы көктемгі қар еру кезінде қалыптасады. Негізгі салалары: Бөшке, Бозой, Үлкен Сабасалды, Қайыңды, Сарыторғай, Жыланды. Көп жылдық орташа су ағымы сағасынан 20 км-дей жоғары жерде 1,93 м3/с.
Қолданысы Арқалық қаласын және кеніштерді сумен қамтамасыз ету мақсатында өзенге су тартқыш орнатылған. Алабы - жайылым, аңғары - шабындық.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Торғай су алабы Санат:Арқалық қалалық әкімдігі өзендері Санат:Ұлытау ауданы өзендері