Қарғалы, Көкөзек, Қарғалыбұлақ – Іле алабындағы өзен.
Географиялық орны Алматы облысы Қарасай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 57 км, су жиналатын алабы 98 км2.
Бастауы Бастауын Іле Алатауындағы Үлкен Алматы шыңының солтүстік беткейіндегі мұздықтардан алып, Қараой ауылынан төменде Қаскелең өзеніне оң жағынан құяды. Жалпы ұзындығы 27 км болатын шағын 15 саласы бар.
Гидрологиясы Өзен арнасының ені 5-10 м, тереңдігі 0,3-0,5 м, су тасу кезінде 1 м-ге жетеді. Көп жылдық орташа су ағымы Чапаев ауылы тұсында 0,65 м3/с. Өзен жоғарғы ағысында тау шатқалымен ағады. Жаңатұрмыс ауылынан бастап өзен арнасы кеңейеді және жағалауы жарлауытты келеді. Көкөзек ауылынан бастап жағалауы жазық болып дала өзеніне айналады. Өзеннің өн бойында елді мекендер көп орналасқан. Алабы толығымен дерлік игерілген.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Іле су алабы Санат:Қарасай ауданы өзендері