Джеймс Уиллиам "Джейми" Хинс (, 1968 жылы 19 желтоқсанда Бэкингемширде (Англия) туған) — ағылшындық гитарист, әнші, әндер авторы, The Kills инди рок тобының гитаристі ретінде белгілі. Ол өзінің музыкалық мансабын Fiji, Scarfo, және Blyth Power атты топтарда бастады. 2000 жылы Хинс американдық әнші Элисон Моссхартпен бірге The Kills тобын құрды. The Kills-те Хинс "Hotel" (), ал Моссхарт "VV" деген атпен белгілі.

Жеке өмірі Хинс британдық супермодель Кэйт Моссқа үйленген. The Sun газетінің хабарлауынша, жұп 2008 жылы Амстердамда некелескен. Хайнс Моссқа төсекте бағасы £10000 тұратын 1920-жылғы винтажды жүзікті ұсынған. Олар 2011 жылы 1 шілдеде Ұлы Петр шіркеуінде, Суозроп, Глостершир графтығында үйленді.

Дискографиясы Scarfo-мен бірге Scarfo (Қараша, 1995) Luxury Plane Crash (Шілде, 1997)

The Kills студиялық альбомдары Keep on Your Mean Side (2003) No Wow (2005) Midnight Boom (2008) Blood Pressures (2011)

Дереккөздер

Санат:1968 жылы туғандар Санат:Англия музыканттары Санат:Ұлыбритания әншілері