Раңмортық () – астық тұқымдасының мортық туысының бір түрі. Биіктігі 5—30 см, бір жылдық шөптесін өсімдік. Жапырағы таспа пішінді, гүлі жасыл, көк түсті. Масағы гүл шоғына топтанған, ұзындығы 12— 15 мм, тікенді, сәуір — майда гүлдейді. Раңмортық Жерорта теңізі жағалауы, Еуропа, Кавказ, Орта Азия, Кіші Азия, Иран. Үндістанда таралған. Қазақстанда Бетпақдалада, Мойынқұмда, Балқаш-Алакөл алқабында, Қызылқұмда, Іле, Қырғыз Алатауы, Қаратауда далалы шөлді аймақта өседі. Раңмортық ерте көктемде құнды мал азығы, жауын мол жылы пішенге.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том

Дереккөздер

Санат:Астық тұқымдасы