Лебедиха – Үлбі жотасының батысындағы тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Үбі өзенінің орта ағысының оң жағалауында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1032 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8 км-ге созылған, енді жері 6 км шамасында.

Геологиялық құрылымы Геологиялық тұрғысынан Лебедиха тауы девон және тас көмір дәуірінің интрузивтік жыныстарынан түзілген. Оңтүстік беткейінің ашық, жалаңаш беткейінде гранит, карцит және тақтатастан тұратын қорымтастар жиналған. Батыс және шығыс беткейлері тік шатқалды, оларды Оба өзені және оның салалары тілімдеген.

Өсімдігі Беткейлерін көктерек, қайың аралас қарағай, майқарағай, самырсыннан тұартын орман көмкерген.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Шемонаиха ауданы таулары