Қырықжігіт – Жіңішке және Сарыбұлақ өзендерінің суайрығындағы тау.

Географиялық орны Алматы облысы Кеген ауданы Алғабас ауылының солтүстік-батысында 11 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1904 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 7 км-ге созылған, енді жері 4 км.

Геологиялық құрылымы Силур мен девонның құмтастарынан және палеозойдың эффузивтік шөгінді жыныстарынан түзілген. Гранит те кездеседі.

Сипаты Тік жарқабақты солтүстік беткейі өзен арналарымен қатты тілімделген. Оңтүстік бөлігі көлбеуленіп жонды белестерге ұласады. Солтүстігінде Алабайтал, солтүстік-шығысында Торыайғыр, батысында Жамбас, оңтүстік-батысында Бақалы таулары орналасқан.

Өсімдігі Етектерінде жусан, бетеге, көде, беткейлерінде арпабас, бидайық, өзен арналарында жабайы алма ағашы, көктерек, итмұрын, т.б. өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Кеген ауданы таулары