Қызылсу – Арыс алабындағы өзен, Сайрамсу өзенінің тармағы.
Географиялық орны Түркістан облысы Төле би және Сайрам аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 88 км.
Бастауы Өзен Зертас ауылынан төменде Сайрамсу өзенінен бөлініп шығып, Аққойлы ауылынан төменде Арыс өзеніне сол жағынан құяды.
Гидрологиясы Арнасының жағалауы жарлауытты, жарқабақты. Төменгі ағысында жазық өңірмен өтеді. Арнасында жыл бойы су болады. Суының деңгейі Сайрамсу өзеніне тікелей байланысты. Алабы толығымен дерлік игерілген.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Сайрам ауданы өзендері Санат:Төле би ауданы өзендері Санат:Сырдария су алабы