Қарақоңыз – Шу алабындағы өзен.

Географиялық орны Жамбыл облысы Қордай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 52 км, су жиналатын алабы 652 км2.

Бастауы Қарақоңыз Жетіжол және Қастек жоталарынан алып, Сортөбе ауылы тұсында Шу өзеніне құяды.

Гидрологиясы Аңғары жоғарғы бөлігінде тар, төменде кеңейеді, беткейі тік келген. Қар және жер асты суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Қаракемер ауылы тұсында 2,65 м3/сек. Өзеннің Ешкілі, Үлкен Ешкілі, т.б. салалары бар. Ауданның егістігін суарады. Кен алабында Қарақоңыз қорықшасы атты мемлекеттік қорықша орналасқан. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қордай ауданы өзендері Санат:Шу су алабы