Балхаш Ғалиұлы Тыныбаев (11.7.1947 ж.т.,Абай облысы Үржар ауданы Ақжар а.) – медицина ғылымдарының докторы (2006).
Өмірбаяны Алматы мемлекеттік медицина институтын (1973, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Атырау қаласында дәрігер, емхана меңгерушісі, қалалық эпидстационардың бас дәрігері (1973–80), Алматы облысы ауруханасында дәрігер (1982–88), Атырау мед. колледжінде дәрігер-оқытушы, бөлім меңгерушісі (1983–88). Атырау педагогикалық институтында аға оқытушы (1988–2000), Атырау мемлекеттік университетінде Азаматтық қорғаныс штабының бастығы қызметін атқарды (2000–08).
Ғылыми еңбектері «Каспий жағалауының солтүстік шығысындағы мұнай-газ кеніштерін игерудің қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулық сапасына әсерлерін кешенді гигиеналық-экологиялық бағалау» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедиясы