Қопалтайөзек – Балқаш алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 42 км.
Бастауы Бастауын Бектауата, Сарықұлжа беткейінденгі бұлақтардан алып, Қоңырат кентінен солтүстікке қарай 20 км жерде құмға сіңіп кетеді. Өзен жағасы жоғарғы ағысында биік, жарқабақты, төменгі ағысында жайпақ, құмдауытты келген.
Гидрологиясы Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде тасиды, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Суы мал суаруға пайдаланылады.Қазақстан табиғаты: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері Санат:Балқаш су алабы