Николай Фёдорович Погодин (лақап аты; шынайы тегі — Стукалов) (16 қараша 1900, қазіргі Донецк, Гундоровская с. — 19 қыркүйек 1962, Мәскеу)'' — орыс кеңес драматургі. РКФСР-дің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1949).
Өмірбаяны 1920 ж. «Донская беднота» газетінде Погодинның алғашқы мақаласы жарияланды. «Трудовой Дон», «Трудовая жизнь» газеттерінде жұмыс істеді.
Погодин 1951—1960 ж. «Театр» журналының бас редакторы болды. Погодиннің «Ақсүйектер», «Мылтықты адам», «Кремль куранттары» т. б. пьесалары қазақшаға аударылып, республикалық театрларында қойылып келеді.
Погодин қазақ ақыны Ә. Тәжібаевпен бірге «Жамбыл» сценарийін жазды (1952).
Шығармашылығы 1922—1930 ж. «Правда» газетінде жарияланған очерктері «Арайлы таң», «Қызыл желектер» жинақтарына енді. «Қарқын» (1930 ж. жазылған), «Балта туралы жыр» (1931), «Менің досым» (1932), «Ақсүйектер» (1934) пьесаларында бірінші бесжылдықтың ұлы жоспарларын жүзеге асыру жолындағы жігерлі рухты бейнеледі.
«Мылтықты адам» (1937, КСРО Мемлекет сыйлығын алған, 1941), «Кремль куранттары» (1942 — 56), «Қырсықты құйындар» (1953), «Алаулаған бұлттар» (1955), «Үшінші патетикалық» (1959) пьесалары, «Ноябрь», «Ресей үстіндегі сәуле», «Феликс Дзержинский» сценарийлері тарихи революциялық тақырыпқа жазылған.
В. И. Ленин бейнесіне арналған трилогиясы үшін («Мылтықты адам», «Кремль куранттары», «Үшінші патетикалық») Погодинге Лениндік сыйлық берілді. (1959).
Марапаттары мен естелік Солтүстік Қазақстан обл. драма театры Погодин есімімен аталады.
Погодин 2 рет Ленин орденімен, басқа да орден, медальдармен марапатталған.Казак В.: Лексикон русской литературы XX века. — С. 322.
Дереккөздер
Санат:16 қарашада туғандар Санат:19 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:Ресей сценарийшілері Санат:XX ғасыр сценарийшілері Санат:XX ғасыр драматургтері Санат:КСРО драматургтері Санат:Ресей драматургтері Санат:Лениндік сыйлықтың иегерлері Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:РКФСР-дің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Соцреалист-жазушылар Санат:Лақап есімімен танымал әдебиетшілер Санат:Новодевичье зиратында жерленгендер Санат:Литературная газета бас редакторлары Санат:КСРО жазушылар одағы мүшелері