Антони ван Левенгук (, ; 24 қазан 1632, Делфт — 26 тамыз 1723, Делфт) — Нидерландлық микробиолог, микроскоптардың алғашқы конструкторы, ғылыми Микроскопияның негіздеушісі, 1680 жылдан бастап Лондон королдік қоғамының мүшесі.

Өзі құрастырған микроскоптармен әртүрлі тірі материялардың микроқұрылымын зерттеп ғылыми микроскопияның дамуына көптеген үлес қосқан. Өзі құрастырған 150 — 300 есе үлкейтетін оптикалық шынымен көзге көрінбейтін қарапайымдар, бактериялар, эритроциттерді көріп, олардың капиллярлардағы қозғалысын да байқаған. Оның әсіресе адамның тісінен алынған өңездегі тіршілік ететін бактерияларды егжей-тегжейлі сипаттаған мәлімдемесі — үлкен ғылыми жаңалық болды. Левенгук алғаш рет бітелердегі партеногенезді анықтаған (1695 — 1700). Өз зерттеулерін “Антони Левенгук Ван ашқан табиғаттың құпия сырлары” деген еңбегінде жариялады (1695). Қазіргі кезде Левенгук қолжазбаларының жиынтығы 20 томдық кітап болып шыққан.Такжин Н.В., Левенгук, его жизнь и деятельность (По его письмам), Л., 1946. Н. Шоқанов

Дереккөздер

Санат:24 қазанда туғандар Санат:1632 жылы туғандар Санат:Делфтте туғандар Санат:26 тамызда қайтыс болғандар Санат:1723 жылы қайтыс болғандар Санат:Делфтте қайтыс болғандар Санат:Нидерланд микробиологтары Санат:Нидерланд ғалымдары Санат:Нидерланд өнертапқыштары