Лукас Подольски (нем. Lukas Podolski; Польшада 1985 жылы 4 шілдеде дүниеге келгенhttp://www.transfermarkt.co.uk/lukas-podolski/profil/spieler/15185), Лукаш Юзеф Подольский (пол. Łukasz Józef Podolski) — неміс шабуылшысы, Германия Ұлттық құрамасында ойнаған.

Балалық шағы Лукас Подольски баяғы жоғарғы Силеза аумағында дүниеге келген.Ол спорттық отбасыда дүниеге келген.Оның анасы гандболдан әйелдер құрама сапында өнер көрсеткен,әкесі футболшы болған.

Клубтық мансабы "Бергхайм" және "Кельн" клубтарының түлегі. Клубтық карьерасын 2003 жылы жазда "Кёльн" клубынан бастаған болатын. Кельдік клуб сапында үш маусым ойнап, 81 кездесуде алаңға шықты.

2006 жылдың 1 маусымында ол "Бавария" клубына аусады.

2009 жылдың жазында ол "Кёльн" клубына қайта оралады. Ол өзінің керемет ойынымен көзге түсіп, 2012 жылдың 30 сәуірінде "Арсенал" сапына ауысады.

2015 жылдың басында "Интернационалеге" жалға берілді.

2015 жылы жазда "Галатасарайға" ауысты.

2017 жылы "Виссель Кобе" футболшысы атанды. Екі маусымнан соң Түркияға оралып, "Антальяспорға" ауысты.

Ұлттық құрама сапындағы мансабы Ұлттық құрама сапында 2004–2017 жылдар аралығында ойнады. Бұл аралықта екі рет әлем чемпионатының қола жүлдегері, бір рет әлем чемпионы, бір рет Еуропаның вице*чемпионы атанды.

Жетістіктері Командалық

Германия Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2005 Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 2006, 2010 Еуропаның күміс жүлдегері: 2008 Еуропаның қола жүлдегері: 2012 Әлем чемпионы: 2014

Бавария Германия чемпионы: 2007/08 Германия кубогы: 2008

Арсенал Англия кубогы: 2013/14

Галатасарай Түркия суперкубогы: 2015 Түркия кубогы: 2015/16

Жеке Екінші Бундеслиганың үздік мергені: 2004/05 (24 гола) Әлем чемпионатының үздік жас ойыншысы: 2006

Дереккөздер

Сілтемелер

lukas-podolski.com Лукас Подольски (90MINUT.PL)

Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Кельн ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншыларыСанат:Антальяспор ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Галатасарай ФК ойыншылары