350px|нобай|солға|Дхаулагири тауы Дхаулагири- «Ақтау» деген мағынаны білдіреді. Бұл Непалдың солтүстік орталығында орналасқан. Дхаулагири Гималайдағы ірі таулы массив болып табылады. Тау жотасы 46 шақырымға созылып жатыр. Дхаулагириге алғаш рет 1808 жылы батыстықтар көтерілді. Сол кезден бастап аталған тау әлемдегі ең биік тау ретінде танылған. Дхаулагири тау қырқасы 30 шақырымға созылып жатыр. Оның құрылымы түрлі жоталар және мұздықтармен ерекшеленеді. Дхаулагиридің биіктігі - 8167 м. Қазіргі кезде бұл тау әлемдегі ең биік таулардың қатарында жетінші орында тур. Дхаулагири Гималайдың бір бөлігін алып жатыр. Аталған тау маңызды туристік орталық болып саналатын Покхара қаласының солтүстік-батысында орналасқан. Дхаулагиридің маңында бірнеше тегіс алқаптар бар. Дхаулагири қырқасында бірнеше пирамида тәріздес шыңдар бар. Соның бірі — Кали Гандаки алқабы. Бұл алқап Дхаулагири мен Аннапурнаның арасында орналасқан. Ол қатар орналасқан тегіс алқаптардың ең үлкені болып табылады. 1950 жылы француз экспедициясының ұйғаруымен шығыс жақтағы алқап Кали Гандаки деп аталған. Аталған алқапта I Дхаулагири шыңы орналасқан. Ол әлемдегі ең биік шыңдардың қатарында алтыншы орынды иемденеді. Қазіргі уақытта Дхаулагири аймағында Джомсом әуежайы бар. Дхаулагириге Муктинатх сиынушылары жиі барады.Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”. Дхаулагири шыңдары №ШыңБиіктігі,мБағындырылған жылы1Дхаулагири I816719602Дхаулагири II775119713Дхаулагири III771519734Дхаулагири IV766119695Дхаулагири V761819756Негізгі Чурен Химал73857Шығыс Чурен Химал737119708Батыс Чурен Химал737119709Дхаулагири VI7268197010Путха Хиунчули7246195411Гурья Химал71931969 Дереккөздер

Санат:Непал Санат:Азия таулары