Ақбас сұлыкеш (Emberiza leucocephalos) - Сарыторғайлар тұқымдасының кәдімгі сұлыкешке өте ұқсас (оларды бір кезде бір түрдің түршесі деп санаған), бірақ реңінде сары түс болмайтын құс. Биологиялық сипаттама Әуені кәдімгі сұлыкешке ұқсас, алайда аяқтамасы айқын жалғаспай, қысқа қайырылады. Ақбас сұлыкеш жерде ұялайды, сондай-ақ бір жазда екі рет балапан өргізеді, алайда Қазақстандағы ұялау өмірінің дағдысы туралы егжей-тегжейлі деректер аз. Таралуы Қазақстанда ақбас сұлыкеш кәдімгі сұлыкештер болатын жерлерде - солтүстікте және батыста өмір сүреді. Алайда оның бұдан басқа Жоңғар Алатауы және Тәңіртаудың кейбір жерлерінен, сондай-ақ Күнгей Алатауы жотасының солтүстік беткейінен ұялау орындары табылған. Ақбас сұлыкештің, сондай-ақ қазақ ұсақшоқыларының кейбір тау топтарында да, мысалы, Қарқаралы тауларында өмір сүруі мүмкін. Біз жаз ортасында сод жердей сайраған аталықтардың үнін естідік. Қыста ол оңтүстік және оңтүстік бойынан да, кәдімгі сұлыкешпен бірге кез келген жерден кездеседі. Қазақстанның бүкіл шығыс жартысы бойынша ұшып өтетіні айқын байқалады. Қыстап қалған сұлыкештер қазаннан наурызға дейін Қазақстанның оңтүстігінен кездеседі.Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.

Дереккөздер

Санат:Сарыторғайлар Санат:Еуразия құстары