Қазық – Табақкеңтатыр аңғарының оңтүстік-шығысындағы шоқылы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақжайдақ темір жол станциясының солтүстік-шығысында 55 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 686 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта шамамен 9 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 км-ге жуық.

Жер бедері Беткейлері көлбеу, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады.

Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында баялыш, қара жусан, сораң, бұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары