Жак Картье (; 1491, Сен-Мало — 1 қыркүйек 1557, Сен-Мало) — Франция саяхатшысы. Джон Кабот және Самюэль де Шампленмен бірдей Канаданың алғаш ашушысы болып есептеледі.
Солтүстік Американың француздармен отарлауының бастаушысы болып есептеледі. Солтүстік Американың жағалауына 3 рет экспедиция жасаған. Әулие Лаврентий шығанағы мен Әулие Лаврентий өзенінің жағалауын картаға алғашқы рет түсіріп, сипаттаған.
1 экспедициясын 1534 жылы 20 сәуірде алтын мен асыл тастар табу мақсатында бастаған. Бұл экспедицияға 2 кеме және 61 адам қатысқан. Жолға шығуға ай қалғанда ол Лабрадор түбегі мен Ньюфаундленд аралы арасындағы Белл-Айл бұғазына жетуді жоспарлаған.