Бастиан Швайнштайгер (нем. Bastian Schweinsteiger; 1 тамыз 1984 жыл, Кольбермор,) — неміс футболшысы, жартылай қорғаушы, Германия Ұлттық футбол құрамасының экс-ойыншысы және экс-капитаны. 2014 жылғы әлем чемпионы.

Мансабы Алғашында Бастиан «Баварияның екінші» құрамында ойнады . Негізгі құрамаға 2002/09 маусымда іліге бастады. 2004/05 маусымнан бастап «Баварияның» негізгі құрамының ойыншысы атанып, Бундеслигада 26 ойын көрсетіп, 3 гол соқты. Бірақ кейін «Баварияның» бапкері Феликс Магат жаттығудағы жаман жұмысы үшін, Бастианды қайтадан Баварияның екінші құрамына жібереді. Алайда бірнеше айдан соң қайтадан қайтарып алады. Негізгі позициясы - сол қапталдағы жартылай қорғаушы болды.

«Баварияға» жаңа бапкер келгеннен соң, 2009/10 маусымда Бастианның позициясы орталық жартылай қорғаушы позициясына ауысады. Швайнштайгер мен серігі Марк Ван Боммел орталық сызықта жақсы бірге өнер көрсетіп, Германиядағы ең мықты байланыс болып саналды7 нобай|Еуропа чемпионаты: 2012 2012 жылы Бастиан Чемпиондар Лигасының полуфиналында «Реал Мадридқа» гол салып, командасы финалға өтеді. Алайда «Челсимен» пенальти кезінде соңғы соққыны бағанаға тигізп, чемпиондық титулдан айырылады.

Өзінің тұрақты ойыны мен қайсар мінезінің арқасында командада негізге құрамның ойыншысы атанып, сондай-ақ команда вице-капитаны атанды. нобай|Қол таңбасы 2012/13 маусым Бастина үшін сәтті өтті. Себебі «Бавариямен» Бундеслиганы, Чемпиондар Лигасын, Германия кубогін ұтып алды. Бастиан екі финалға қатысқанымен, маусымның жартысын жарақат үшін өткізіп алды.

2015 жылы 13 шілдеде "Манчестер Юнайтедпен" келісім шарт жасасты, бірақ жаңа клубында жарақатына байланысты көңілдегідей ойнай алмады.

2017 жылыкөктемде АҚШ-тың "Чикаго Файр" клубына ауысты.

Германия ұлттық құрамасы 2004 жылынан бері Германия құрамасы үшін өнер көрсетеді. Алғашқы екі голын 2005 жылы Ресейге қарсы жолдастық матчта соқты. нобай|Әлем чемпионатының финалы : 2014 жылы 22 жасында Бастиан ұлттық құрамасы үшін 41 матч өткізіп, рекорд қойды(кейін осы рекордың Лукас Подольски басты). 2014 жылы 2 қыркүйекте Филипп Лам мансабын аяқтағаннан кейін, құрама капитаны атанды.

2016 жылғы Еуропа чемпионатынан соң құрамадағы карьерасын аяқтады.

Жетістіктері Бавария Германия Чемпионы: 2003, 2005, 2006, 2008, 2010, 2013, 2014, 2015 Германия Кубогінің : 2003, 2005, 2006, 2008, 2010, 2013, 2014, 2015 Германия кубогінік финалисті : 2012 Неміс лигасының кубогінің иегері : 2004, 2007 Германия Суперкубогінің иегері : 2010, 2012 Германия Суперкубогінің финалисті: 2013, 2014 Чемпиондар Лигасының жеңімпазы: 2013 Чемпиондар Лигасының финалисті : 2010, 2012 УЕФА Суперкубогінің иегері : 2013 Клубтық әлем чемпионатының жеңімпазы : 2013

Манчестер Юнайтед

Англия кубогы: 2015/16

Ұлттық құрамада Конфедерация кубогінің қола медаль иегері: 2005 Әлем чемпионатының қола медаль иегері: 2006, 2010 Еуропа чемпионатының күміс медаль иегері: 2008 Еуропа чемпионатының қола медаль иегері: 2012 Әлем чемпионаты : 2014

Сілтемелер Футболисттің ресми сайты

Санат:Германия футболшылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары