Мохаммед Салах Хамед Гали (‎‎; 1992 жылы 15 маусымда туған, Нагриг, Басьюн, Мысыр) — мысырлық футболшы, «Ливерпуль» клубы мен Мысыр құрамасының шабуылшысы. Әлемдегі ең үздік ойыншылардың бірі болып саналады. Ағылшын Премьер-Лигасының «Алтын бутсысының» екі дүркін иегері.

Ол кәсіпқой мансабын мысырлық «Мокавлун» клубында бастады, біраз уақыттан кейін швейцариялық «Базельге» ауысты. 2014 жылы футболшының келісімшартын ағылшындық «Челси» сатып алды. Бұл команданың құрамында ол негізгі ойыншы ретінде орныға алмады, сондықтан ол жалға итальяндық «Фиорентина» және «Рома» клубтарында ойнады. Салах кейіннен «Ромаға» тұрақты түрде көшті, ал 2017 жылы ол «Ливерпульмен» келісім-шартқа отыру арқылы Ағылшын Премьер-Лигасына оралды. Қайтып келгеннен кейінгі бірінші маусымында ол бірнеше өнімділік рекордтарын жаңартып, Премьер-Лиганың үздік бомбардирі атанды. Ол ПФА футболшылары бойынша жылдың үздік ойыншысы атанды, сонымен қатар ПФА нұсқасы бойынша жылдың символдық командасының бір бөлігі болды. Келесі маусымда Мұхаммед қайтадан Премьер-лигада үздік бомбардир атанды және Ливерпульге Чемпиондар лигасын жеңіп алуға көмектесті. «Қызылдар» сапындағы үшінші маусымында Салах Англия чемпионы атанды.

2011 жылдан бастап ол Мысырдың негізгі құрамасының да мүшесі. 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысқаннан кейін ол АФК нұсқасы бойынша Африкадағы жылдың ең перспективті таланты деп танылды. Содан бері Салах 2017 және 2021 жылдардағы Африка ұлттар кубогының финалына, сондай-ақ 2018 жылғы әлем чемпионатына шықты. Мохаммед 2017 және 2018 жылдары АФК нұсқасы бойынша африкалық жылдың үздік футболшысы атанды және сол жылдары Би-би-си нұсқасы бойынша жыл африкалық футболшысы атанды. Мысыр құрамасының тарихындағы екінші үздік бомбардир.

Клубтағы мансабы Мукавилюн Салах «Мокавлун» футбол клубының тәрбиеленушісі.2010 жылы 3 мамырда алғаш рет алаңға шығып, «Монсура» командасына қарсы ойын көрсетті.2010/11 маусымда негізгі құрамның тұрақты ойыншысы болды.2010 жылы 25 желтоқсанда алғаш голын «Әл-Ахли» командасына қарсы соқты.2012 жылы Порт-Саидегі трагедиядан кейін чемпионат тоқтатылып қалды.2012 жылы клубты тастап, щвейцариялық «Базель» клубына көшіп кетті. Базель 2012 жылы 10 сәуірде ресми 4 жылдық контракка қол қойып,15 шілдеден бастап ойыншысы атанды.2012 жылы 23 маусымда алғаш матчын «Стяуа» клубына қарсы өткізіп,сол матчта алғашқы голын соқты. Ресми матчы УЕФА Чемпиондар Лигасында «Мольде» командасына қарсы өткізді.Швейцариялық чемпионатта алғаш матчын тек 12 тамызда «Туна» клубына қарсы өткізіп,барлық голдарға қатысып,3:1 есебімен жеңіске жетті.18 тамызда чемпионаттағы алғаш голын «Лозанна» клубына қарсы соқты. Челси 2014 жылы 26 қаңтарда лондондық «Челсиға» көшіп,5.5 жылдық контракқа қол қойды.Алғашқы голын «Арсеналға» қарсы 22 наурызда соқты.Қазір 17 нөмерді алды. Фиорентина 2015 жылы 2 ақпанда қысқы ауысымдар жабылуға бір тәулік қалғанда Салах Италияның "Фиорентинасына" жалға берілді. 8 ақпан күні "Аталантаға" қарсы ойында дебют ойынын өткізді. Бір аптадан соң алғашқы голын "Сассуоло" қақпасына енгізді. 5 наурыз күні "Ювентуске" қарсы өткен кубок ойындарында дубль жасады.

Рома 2015 жылы 6 тамыз күні "Ромаға" жалға берілді. Егер, жақсы ойнаса римдіктердің сатып алуға да құқы болды. Бұл жолы да алғашқы шголын "Сассуоло" қақпасына соқты (22 қыркүйекте). Ливерпуль 2017 жылы шілдеде 42 млн. еуроға "Ливерпульге" өтті. 12 тамыз күні "Уотфордқа" қарсы ойында алғашқы матчын өткізді. Алғашқы голын 23 тамызда "Хоффенхамға" қарсы өткен Чемпиондар Лигасының матчында енгізді.

2018 жылы 18 наурызда "Уодфордпен" өткен ойында покер жасады. Ұлттық құрамадағы мансабы 2011 жылы 3 қыркүйекте ұлттық құрама үшін алғаш матчын Сьерра-Леоне құрамына қарсы өткізді.2011 жылы 8 қазанда Африканың ұлттық Кубогі раундында алғаш голын соқты.

2017 жылы ӘЧ-2018 іріктеуінде Конго Республикасының қақпасына екі доп соғып, құраманың жолдаманы иеленуіне ерекше үлес қосты.

Жетістіктері Командалық Базель Швейцария чемпионы (2): 2012/13, 2013/14 Ливерпуль Англия чемпионы: 2019/20 УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы: 2018/19 УЕФА Суперкубогының жеңімпазы: 2019 Лига кубогының жеңімпазы: 2021/22 Клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы: 2019 Мысыр Африка ұлттары кубогының финалисті: 2017, 2021 Жеке АФК бойынша Африкадағы жылдың ең перспективті таланты: 2012 Швейцариядағы жылдың үздік футболшысы: 2013 Ромадағы маусымның үздік ойыншысы: 2015/16 "Globe Soccer" нұсқасы бойынша жылдың үздік араб ойыншысы: 2016 АФК нұсқасы бойынша Африканың символикалық құрамының мүшесі (5): 2016, 2017, 2018, 2019, 2020 Африка ұлттары кубогының үздік ойыншыларынан құралған символикалық құрамының мүшесі: 2017 Англия Премьер-лигасындағы айдың үздік ойыншысы: 2017 қараша, 2018 ақпан, 2018 наурыз, 2021 қазан ПФА-ның нұсқасы бойынша айдың үздік ойыншысы: 2017 қараша, 2017 желтоқсан, 2018 ақпан, 2018 наурыз, 2018 желтоқсан, 2019 қаңтар, 2019 сәуір Би-би-си нұсқасы бойынша үздік Африкандық футболшы (2): 2017. 2018 Үздік Африкандық футболшы (2): 2017, 2018 ПФА-ның нұсқасы бойынша жыл ойыншысы: 2018

Дереккөздер

Сілтемелер Transfermarkt сайтында профилі Ливерпуль ФК ресми сайтында профилі

Санат:Мысыр футболшылары Санат:Мысыр Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Базель ФК ойыншылары Санат:Фиорентина ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары