Ақмұртты сандуғаш () - Торғайтәрізділер отрядының Сандуғаштар тұқымдасының реңді кішкене құсы.

Биологиялық сипаттама Ақмұртты сандуғаштың жоны - қошқыл, қаралтым басының төменгі тұсында тұмсық түбінен басталатын шымқай ақ жіңішке жолақты «мұрты» болады. Құйрық ұшындағы ақ жиек те айқын байқалады. Осылардың барлығын орнитологтар әлі де анықтауы қажет. Ақмұртты сандуғаш қалың өскен құм бұталарында - мейлі құмдақ немесе сазды шел болса да( мекендей береді. Жалпы алғанда ақмұртты сандуғаш - боз сандуғашқа ұқсас өте ширақ, ұшқалақ құс. Дауысы және әуені сандуғаш типті, ол сайраған кезде аспандап ұшады. Тұқымтоптың өмірі аз зерттелген.

Таралуы Қазақстанда әрқашан осылай деп есептелетін Сырдарияның аңғарын бойлай және Қызылқұм құмына ұласқан бөліктерінде кездеседі. Алайда соңғы кездердегі бірқатар кездесулер ақмұртты сандуғаштың шығыс тұста да - мүмкін Балқашқа дейін өмір сүруі мүмкіндігі бар деген жорамал ұсынуға тура келеді. Қазақстанда наурыздың аяғынан қазанның соңына дейін болады.Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010

Дереккөздер

Санат:Сандуғаштар Санат:Еуразия құстары Санат:Африка құстары