Нәки Сиразиұлы Исанбет (Наки Сиразиевич Закиров, , 1899 - 1992) - татар совет жазушысы , драматург, фольклорист.

Татар АССР-і (1957) мен РКФСР - дің (1960) еңбек сіңірген өнер қайраткері. Уфа халық ағарту интернаты мен Харьков мемлекеттік университетінде білім алды. Алғашқы өлеңі 1914 жылы "Ақ жол" журналында жарияланды. Тұңғыш кітабы - "Дабыл" 1925 жылы жарық көрді. "Қожанәсір" (1940), "Мулланур Вахитова"(1947),"Зифа"(1955), "Мұса Жәлел"(1955) атты пьесалар жазды. Исанбет балалар жазушысы ретінде де белгілі. "Кекшіл көжек","Мысық" атты шығармалары - татар балаларының сүйікті кітабы. Ол "Татар халқының балалар фольклоры" (1941), "Татар халық мақалдары"(1959-67) т.б. жинақтарын бастырып шығарды. А.С.Пушкиннің "Полтава", "Бақшасарай фонтаны", А.С.Грибоедовтың "Ақылдан - азап", В.Шекспирдің "Гамлет","Король Лир" шығармаларын, Низами өлеңдерін татар тіліне аударды. Ленин орденімен марапатталған.

Дереккөздер

Қолданылған әдебиет Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы ,5 том.

Санат:Татар жазушылары Санат:Ресей жазушылары Санат:Татар ақындары