Еӊлікгүл , эдельвейс, леонтоподиум () — — Астралылар тұқымдасының көпжылдық немесе біржылдық шөптес өсімділтерінің тегі.
Таралуы Еуропа мен Азияның таулы жерлерінде таралған.
Ботаникалық сипаттамасы Еӊлікгүлдер - биіктігі 12—25 см щөптес өсімдіктер. Биік тауларда өседі.
Жапырақтары жіңішке, асты жағы түкті, үсті жағы күміс түсті.
Күрделі гүлшоғы тығыз себетшеге жиналған гүлдерден құралған. Гүлдердің түсі - ақ немесе сарғыштау, гүл тостағаншаның қасындағы жапырақтары жұлдыз тәрізді.
Түрлері Текте 60-тан астам биологиялық түрлері айқындалғанThe Plant List: Leontopodium. Олардың арасында кең таралғандары:
Leontopodium alpinum,Cass. Leontopodium brachyactis,Gand. Leontopodium fauriei,Beauverd Hand.-Mazz. [syn. Leontopodium alpinum,Cass. Leontopodium fedtschenkoanum,Beauverd Leontopodium japonicum,Miq. Leontopodium leontopodioides,(Willd.) Beauverd Leontopodium ochroleucum,Beauv. Filago leontopodioides,Willd. |Leontopodium sibiricum,Cass. Leontopodium palibinianum,Beauverd. Leontopodium nivale,(Ten.)(Ten.) Huet ex Hand.-Mazz. Leontopodium nivale,|(Cass.) Greuter Leontopodium souliei,Beauverd Leontopodium stoechas,Hand.-Mazz.
Қызықты дерек Францияда еңлікгүлді альпі жұлдызы деп, ал Италияда - күміс жартас гүлі деп атайды. Таулы ел түрғындары еңлікгүлді бақыт пен махаббат гүлі деп санайды. Еңлікгүлдің пайда болуы туралы әдемі әрі мұңды аңыз бар. Бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын екі ғашық болыпты. Алайда тағдыр оларды мәңгілікке айыруға жазған екен. Айырылысу туралы ой екеуіне де сұмдық қорқынышты болып көрінеді. Бірге қалудың жалғыз-ақ жолы - бірге өлу. Олар бөлек өмір сүргеннен гөрі қол ұстасқан күйі жартастан секіріп кетуді жөн көреді. Олар құлап өлген жартастың бетіне махаббаттың салтанатты да қайғылы жеңісінің құрметіне ақшыл еңлікгүл қаптап өскен екен.
Үзіп алынған гүл солмайды, ал кептірілгендері - әсемдігін ұзақ уақыт бойы сақтап қалады.1100 қызықты деректер
Галерея
Дереккөздер
Санат:Күрделігүлділер