Канвондо́ (, [kaŋwʌn-do]) — Чосон әулеті кезіндегі сегіз провинцияның бірі. 1395 жылы құрылған. Атауы өзінің басты қалалары болып есептелетін Каннын () және Вонджу () деген атаулардың бірінші әріптерінен аталған.
1895 жылы Канвондо батысында Чхунчхон (Чхунчхон-бу; ) және шығысында Каннын (Каннын-бу; ) атты аудандармен алмастырылады. Ал Вонджу Чхунджу ауданының құрамына кіреді.
1896 жылы Корея он үш провинцияға бөлініп кетеді, сондақтан екі аудан қайтадан бірігіп, Канвондо провинциясын құрады. Алайда Вонджу провинцияға енгенмен, провинция астанасы — Чхунчхон болды.
Корея бөлінгеннен кейін, яғни 1945 жылы провиницияның Солтүстік Кореялық және Оңтүстік Кореялық бөліктерінде өз алды үкіметтер орнады, ал Корей соғысы аяқталғаннан кейін, яғни 1953 жылы Канвондо толығымен екі бөлікке — солтүстік корейлік Канвондоға және оңтүстік корейлік Канвондоға бөлінеді.
Тағы қараңыз Корея тарихы
Дереккөздер
Санат:Корея географиясы Санат:Чосон әулеті