Қатты көбенқұйрықҚазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5 () – астралылар тұқымдасы, көбенқұйрық туысына жататын көп жылдық, сирек кездесетін эндемик.

Ботаникалық сиапты Биіктігі 30 см. Көп тармақты тамырының ақ түк басқан мойны болады. Сабағы қарапайым, сыртын без, төменгі жағын жіңішке түк басқан. Қабықшалы жапырағы жасыл, тамыр жапырақтары мен төменгі сабақтарында орналасқан сағақты жапырақтары қандауыр тәрізді. Төбе жапырақтары сағақсыз сабаққа бекіген. Ұзындығы 25 мм-дей болатын гүлсебеті домалақ цилиндр тәрізді, орама жапырақтарының жиегші ирек тісті-тікенекті, күлтесі ашық сары түсті. Тозаңдық түтікшесі қара қоқшыл. Тұқымынан көбейеді. Шілде-тамыз айларында гүлдеп, тамыз-қыркүйекте жеміс салады. Тұқымының ұзындығы 6 мм-дей, сырты тегіс.

Таралу аймағы мен өсетін жері Қазақстанда Қырғыз Алатауы жотасының солтүстік беткейлерінде, қар басқан таулардың қиыршықтасты баурайларында кездеседі. Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Дереккөздер

Санат:Күрделігүлділер Санат:Қазақстан флорасы Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер