нобай|оңға|Жамбыл Сағатбаев Жамбыл Сағатбаев (1941 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Текес ауылында дүниеге келген) - ғалым, 1988 жылы медицина ғылымдарының докторы, ал 1990 жылы профессор атағын алды.

Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.

1966 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген. 1966-77 жылдары осы оқу орнында ординатор, хирургиялық стамотология кафедрасында ассистент болды. 1977-97 жылдары Дәрігерлер білімін жетілдіру институты хирургиялық стамотология кафедрасының меңгерушісі болды.

3 ғылым кандидатын даярлаған. 150-ден аса ғылыми еңбегі жарияланған.Жетісу, Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:1941 жылы туғандар Санат:Алматы облысында туғандар Санат:Қазақстан ғалымдары

Санат:Қазақстан дәрігерлері