Мұқыры қорығы — Алматы облысы Көксу ауданындағы Ақын Қалқа ауылының аумағында орналасқан және көбінесе жануарлар әлемін қорғайтын қорықтардың бірі.

Географиялық орны Аудан орталығы - Балпық би кентінен оңтүстікке қарай 7 км, облыс орталығы - Талдықорғаннан оңтүстік-батысқа қарай 25 км-дей жерде. Қорық аймағында Ақын Қалқа ауылы, Н. Алдабергенов, Қ. Жапсарбаев, Д. Рақышев ескерткіштері мен музейлері, өлкетану музейі, Алтыуайыт тауы, Ащыбұлақ сайы, 35 га алма бағы бар.

Жануарлары Түлкі, қасқыр, қырғауыл, суыр, ондатра. Жетісу, Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Қорықтар