Михаил Богданович Барклай-де-Толли (туған кезіндегі аты - Михаэль Андреас Барклай де Толли, , 27.12.1761(16 желтоқсан) - 26.05.1818(14 мамыр)) - орыстың әскери қайраткері, әскери министрі, генерал-фельдмаршалы (1814 жылдан), князь (1815 жылдан), 1812 жылғы Отан соғысының батырыHistoric Barclays (by John G.Whittier) .

Ригаға көшіп келген шотландтық әскери қызметкер отбасында туғанСм.: Familie Barclay de Tolly. — in: Frobeen J.G.: Rigasche Biographieen nebst einigen Familien-Nachrichten. Hannover-Döhren, 1881.- S.146 ff. The Official Site of Clan Barclay . Барклай-де-Толли орыс-түрік соғысына (1787-91), орыс-швед соғысына (1788-90), наполеондық Францияға қарсы одақтық соғысқа қатысып, өзін дарында әскери басшы ретінде көрсетті. 1809-10 ж. Финляндия генерал-губернаторы. 1810-12 ж. әскери министрі, орыс армиясын күшейту жөнінде көп еңбек сіңірді. 1812 жылғы Отан соғысының бас кезінде 1-ші Батальондық армиясының командашысы. Француз әскерлерінің күші басым жағдайында кейін шегінудің дұрыс жоспарын ойдағыдай жүзеге асырып, орыстың екі армиясын бір жерге шоғырландырды. Алайда 1812 ж. армия мен дворян арасында кейін шегінуге наразылық тудыМ. А. Волкова — В. И. Ланской. 3 қыркүйек. Из сборника: Отечественная война 1812 г.: Рабочая тетрадь. - Тамбов: Изд-во Тамб. гос. техн. ун-та, 2005.. Сондықтан ол армияны басқаруды М.И.Кутузовқа тапсыруға мәжбүр болды. Бородино шайқасында орыс әскерлерінің оң қанатына басшылық етіп, қорғаныста зор шеберлік, табандылық пен батылдықтың үлгісін көрсеттіБалязин В. Н. Герои 1812 года: Михаил Богданович Барклай де Толли. http://www.xliby.ru/istorija/geroi_1812_goda/p1.php. 1812 ж. қыркүйекте науқатығына байланысты армиядан кетті. 1813 ж. ақпанда 3-ші армияның, соңынан орыс-пруссия армиясының қолбасшысы болып тағайындалды. Барклай-де-Толли басқарған орыс әскерлері Кульм түбінде жеңіске жетіп, Наполеонның Лейпциг түбінде жеңіліске ұшырауына ықпал етті. 1814 ж. Парижді алуға қатысқаны үшін фельдмаршал дәрежесіне жоғарылатылды. Ол Инстербургте (Шығыс Пруссияда) қайтыс болды. үрдес өзінің Лифляндиядағы Беклор имениесіне әкелініп жерленді. Зиратының басына ескерткіш-мавзолей (1823 ж., мүсінші В.И.Демут-Малиновский), Санкт-Петербургте Қазан соборының алдында (1837 ж., мүсінші Б.И.Орловский) және Тартуда (1849 ж., мүсінші В.И.Демут-Малиновский) Михаил Богданович Барклай-де-Толлиға ескерткіштер орнатылған Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.

350px 200px 139px 200px Лифляндиядағы Беклор имениесіндегі ескерткіш-мавзолей Санкт-Петербург, Қазан соборының алдындағы ескерткіш Великий Новгородтағы ескерткіш Бородино әскери-тарихи мұражайының алдындағы ескерткіш

Дереккөздер

Санат:Ресей генералдары