Қайнар — Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы ауыл, Сарыбұлақ ауылдық округі құрамында.
Географиялық орны Аудан орталығы – Қордай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 55 км жерде, Шу өзенінің оң жағалауында, бұта аралас сұр жусан, баялыш, күйреуік өскен сұр, сортаңды сұр топырақты тау алды жазығында орналасқан.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен2966 3097 104,4 1444 1514 104,8 1522 1583 104
Тарихы 1997 жылға дейін Благовещенка деп аталған. 1964 – 97 жылдар аралығында қызылша өсіретін «Көкқайнар» кеңшарының орталығы болып келген. Оның негізінде 1997 жылдан өндірістік кооператив және шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана бар.
Дереккөздер
Санат:Қордай ауданы елді мекендері