Баргузин жотасы (орысша - Баргузинский хребет) - Ресейде Байкал Сыртындағы тау жотасы. Бурятияда, Байкал көлінің солтүстік-шығыс жағасын бойлай, Чивыркуй шығанағынан Жоғары Ангара өзеніне дейін созылып жатыр. Ұзындығы 280 км, ораташа биіктігі - 2000 м(ең биік шыңы 2841 м). Жоғарғы протерозойдың граниті мен кристалл тақта тасынан түзілген. Жотаның басы - үшкір келген биік құз, беткейлері қатты тілімделгендіктен шатқалды келеді. Батыс беткейінде 1200-1400 м биіктікке дейін қарағай, май қарағай, самырсын өседі, одан жоғарыда селдір самырсын орманы, субальпі, альпі шалғыны, тау тундрасы. Шығыс беткейінде 1400-1800 м биіктікке дейін жапырақты тайга болады Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.

Дереккөздер

Санат:Ресей географиясы