Меттерних–Виннебург (Metternich–Winneburg) Клеменс Венцель Лотар (15. 05. 1773, Кобленц — 11. 06. 1859, Вена) — князь, Австрия мемл. қайраткері және дипломат. 1801 жылдан жоғары мемл. қызметтер атқарды. 1821—1848 жылдары канцлер. 1814—1815 жылдардағы Вена конгресінде үлкен роль атқарды. Реакциялық Қасиетті одақтың негізін салушылардың бірі. Ол бүкіл дүние жүзінде рев. және ұлт–азаттық қозғалысын басуға ұмтылды. Жер иеленуші феодалдардың мүддесін көздеген Меттерних үкіметі әр түрлі айла–шарғылармен Австрия империясының құрамындағы халықтарды бір–біріне айдап салумен айналысты. 1848–1849 жылғы Революция Австриядағы Меттерних өкіметін құлатты. Қазақ Совет Энциклопедиясы.1976. Том 8
Дереккөздер
Санат:1773 жылы туғандар Санат:1859 жылы қайтыс болғандар