Теңіз Геоморфологиясы, теңіз түбінің геоморфологиясы – мұхит пен теңіз түбінің құрылысын және дамуын зерттейтін ғылым. Теңіз геологиясы ғылымымен тығыз байланысты. Теңіз геоморфологиясында үш негізгі бағыт айқындалады: 1) жер қыртысының құрылымды геологиясы және Жердің геотектоникалық дамуын (морфоқұрылым) зерттеуге байланысты түп бедерінің ірі элементтерімен айналысу; 2) жер бедерін қалыптастырушы сыртқы күштерді (эрозия,мору, үгілу, абразия, денудаттану, т.б.) зерттеу; 3) мұнай және шашыранды кендерді іздеуге, су асты коммуникациялық құрылыстарын жобалауға, балық кәсіпшілігіне байланысты қалыптасқан қолданбалы Теңіз геоморфологиясы.
Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Сыртқы сілтемелер: Темір дәуірі
Санат:Геология