Альберто де Алмейда Кавальканти (; 6 ақпан, 1897, Рио-де-Жанейро, Бразилия — 23 тамыз, 1982, Париж, Франция) — бразилиялық кинорежиссер және продюсер.
1917 жылы Генуя университетiн бiтiрдi. Кинодағы қызметiн 1922 жылы бастады. 1926 жылы тұңғыш «Көзсiз поезд» фильмiн қойды. Франция («Сапарда», 1927), Англия («Екі дүниеде өмip сүремiз», «Жетi қараңғы түнде»), Бразилия («Теңiз жыры»), Австрия («Пунтилла мырза және оның қызметкерi»), Румыния («Карпаттағы қамал» және Испанияда («Йерма») фильмдер қойған. «Фильм және шындық» кiтабының авторы. Қазақ Совет Энциклопедиясы.1974. Том 5
Дереккөздер
Санат:6 ақпанда туғандар Санат:23 тамызда қайтыс болғандар Санат:Парижде қайтыс болғандар Санат:XX ғасыр кинорежиссёрлері Санат:XX ғасыр кинопродюсерлері Санат:Мылқау кино режиссерлері