Крещенка — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы ауыл, Юбилейный ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Сергеев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 54 км-дей қашықтықта, Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Тарихы 1898 жылы Чернигов және Полтава губерниясынан келген қоныс аударшылармен құрылған. 1930 жылы "Новый труд" колхозы құрылған. 1960 жылы "Юбилейный" совхозының орталығы болған, 1996 жылы совхоз негізінде "Юбилейный" ұжымдық кәсіпорыны құрылды.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 720 адам (352 ер адам және 368 әйел адам) болса, 2009 жылы 501 адамды (246 ер адам және 255 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Шал ақын ауданы елді мекендері