Флори́да () — АҚШ-тың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі орналасқан штаты. Жер ауданы бойынша елде 22-ші орында - 170 304 км². Халық саны бойынша 4-орында - 19 317 568 адам (2012).Florida (USA): State, Major Cities, Towns, Villages & Places - Statistics & Maps on City Population Әкімшілік орталығы — Таллахасси қаласы, ең үлкен қаласы — Джэксонвилл. Басқа ірі қалалары — Тампа, Сент-Питерсберг, Орландо және Хайалиа.Штат Флорида (Florida), АҚШ Әлемге әйгілі Майами курорттық қаласымен танымал.

Тарихы Аймақтың байырғы тұрғындары Тимукуа, Калуса және Семинол (үндістер) халықтары болған.

1513 жылы, испандық конкистадор Хуан Понсе де Леон бұл аймаққа алғаш келіп, оны Испанияның иелігі ретінде жариялады.

1819 жылы Испания Флориданы Америка Құрама Штаттарына сатып жіберген.

1845 жылы Флорида АҚШ-ның 27 штаты ретінде жарияланды.

Этностық құрамы 2010 жылғы халық санағы бойынша штатта: 57,9% Ақтар 22,5% Латын американдықтары 16,0% Афроамерикандықтар 2,4% Азиаттар 0,4% Америкалық Үндістер тұрады.

Экономика және туризм

Штаттың ЖІӨ-і 2011 жыл бойынша $776,3 миллиард, салыстырмалы түрде бұл көрсеткіш Австралия елінің экономикасымен тең.Флорида штатында портты қалалар көп.Штаттың өндіріс саласында негізгі салалары-Цитрус өсіру,темекі және балық аулау.

Туризм штаттың экономикасыда үлкен рөл атқарады.Майами,Майами-бич және Орландо қалаларында бүкіл әлемдегі адамдарды қызықтыратын Дисней және Юниверсал Студио парктері орналасқан.Атлант мұхитындағы жағажайлардың да туризмдегі маңызы зор.

Қалалары

Дереккөздер

Санат: АҚШ штаттары