Дамушы маркетинг — тауарларға сұраныс қалыптастыру жағдайында, яғни əлеуетті сұранысты нақты ұсынысқа айналдыру үрдісі басты мақсат болып табылатын кезде қолданылатын маркетинг.

Əлеуетті сұраныс туындайтын жағдайлар өте көп кездеседі. Əдетте,ол жеке тұтынушының немесе шаруашылықтың қандай да бір саласының алдына өмір көлденең тартқан мəселелерді (қоршаған ортаны қорғау, энергия сыйымдылығының төмендеуі жəне т.б.) шешу ұмтылысымен байланысты. Əлеуетті сұранысты өзекті сұранысқа айналдыру үшін, бірінші кезекте жаңа сапалық деңгейдегі жаңа тауарларды шығару қажет. А. Б. Рахимбаев, “Маркетинг теориясы жəне практикасы”, Алматы, 2009 Дереккөздер

Санат: Экономика