Бессаусақ қарашағыр немесе Қара Ажырақ (→Қара Ажырық) () – астық тұқымдасының қарашағыр туысына жататын өсімдік. Төселе жайылып өсетін ұзын тамыр сабақты көп жылдық өсімдік.
Ботаникалық сипаты
Сабағы тік, биіктігі 8 – 50 см, жер астындағы жатаған өркені шым түзеді. Жапырағы қандауыр пішіндес, түкті немесе тықыр. Гүлшоғыры 3 – 7 масақты шоғырланған бұтақша. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, қыркүйекте тұқымы піседі. Қара Ажырақ – суғармалы егістіктің арамшөбі. Күрес шаралары: ауыспалы егіс жерді сыдыра жырту, күзде терең айдау. Алаңдарды шымдандыру үшін егіледі.
Таралуы Қарашағырдың тропиктік, субтропиктік және қоңыржай климаттық белдеулерде өсетін 10-ға жуық түрі өседі. Қазақстанда бессаусақ қарашағыр көп тараған. Шөптесін өскен тау беткейлерінде, шалғындарда, өзен жайылымдарында, тыңайған егіндіктерде, жол бойында өседі және бау-бақша мен егістік жерлерде арамшөп ретінде кездеседі.
Шаруашылықтағы қолданысы Жайылымдарда малдың құнарлы азығы. Көгалдандыру, аэродромдар мен спорт алаңдарына шым төсеу үшін қолданылады. Топырақ эрозиясымен күресуде пайдаланылатын ең басты өсімдік. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Астық тұқымдасы Санат:Қазақстан флорасы