Балтимор () - АҚШ-тың шығысында орналасқан Мэриленд штатындағы қала. Халқы - 631 366 адам (2006 жылғы мәліметі бойынша). Ірі теңіз порты, 2 аэропорты бар, темір және тас жол торабы.
Географиясы Патапско өзенінің Чесапик шығанағына құяр жерінде. Қала Пидмонт үстірті мен Атлантикалық жазықтықтың арасында орналасқан.
Климаты = Балтимордың климаты - ылғал субтропикалық: Орта жылдық ауа температурасы — +12,8 C° Орта жылдфқ жел жылдамдығы — 3,2 м/с Отра жылдық ауа ылғалдығы — 68 %
Экономикасы Металлургия, (тас, темір), электротехникалық радиоэлектроника, тікұшақ, ракета, кеме жасау, химия және тамақ өнеркәсіп орындары шоғырланған Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.
Балтиморда Морган атындағы штат Университеті (Johns Hopkins University) және ұлттық медициналық орталық - Джонс Хопкинс ауруханасы (Johns Hopkins Hospital) бар.
Қалада консерватория, өнер мұражайы, сурет галереясы бар.
Балтимор қаласымен атақты американдық жазушы Эдгар Поның өмірі тығыз байланысты: 1829-31 жылдары осы қалада тұрған, 1835 ж. Балтимор қаласында үйленіп, 1849 жылдың 7 қазанында осы қалада қайтыс болды.
Дереккөздер
Санат:АҚШ-тың бұрынғы астаналары