Оптикалык квантты генераторларды (ОКГ) немесе лазерлердi кең түрде тәжірибеде қолдану нәтижесінде жаңа кәсіптік фактордың пайда болуына әкеледі, бұнда өте көп энергиялар жиналып, уақыт кеңістігімен монохромды және когерентті ерекше биологиялық әсер етедi. Бұл лазердi қолданатын және өңдеумен айналысатындарға қауіпті болады.

Алғашқы лазер пайда болған уақыттан (1960 ж.) бастап қазіргі кезге дейiн ОКГ-лар өндiрiстiң әртүрлi салаларында қолданылатын құрылғыларға айналады: медицинада, ғылымда, ауыл-шаруашылығында, металлургияда, құрылыс жұмыстарында және т.б.

ОКГ-ның негiзгi элементi болып - белсендi (жұмысшы) заты есептеледi, ол энергия шығару көзi және параллелдi айнадан туатын оптикалық резонатор. ОКГ-дағы белсендi материалды пайдалануына байланысты бірнеше түрі бар: қатты денелiк, газдық, жартылай өткiзгiштiк және сұйықтық. Қазіргі уақытта белсендi қатты заттан (рубин, неодимді шыны және т.б.) тұратын үдемелi (үнемі күшеюмен) сәулелердi генераторлаушы импульстiк ОКГ кеңiнен қолдануы таралған. Қатты лазердің энергия шығару көзiне импульстi шамдар (лампалар) жатады. Ол үлкен көлемдi конденсатормен қоректендіріленеді. Импульстің ұзақтығы және сәуленің үдемелiлiгi көптеген факторлармен анықталады. Қатты денелi лазердің импульс ұзақтығы 0,5-10 с. Импульстi лазердің сәулелiк күшi үнемі өсуде және қазіргі уақытта 105Вт-қа (импульстегi энергия бірнеше ондаған килоджоуль-Дж-ге дейiн жетедi) дейiн барады. Арнайы жабылғыштарды қолдану (ОКГ модулдейтiн) арқылы өте жоғары күштi сеуленi 1010 Вт дейiн алуға болады. Рубиндi лазердің сәуле толқынының ұзақтығы 0,69 мкм, неодимді лазер шыныда 1,06 мкм-дi құрайды.

Газдық лазерде, қатты дене сияқты элементтерден тұрады. Оларда белсендi зат ретiнде газ қоспалары қолданылады. Энергия шығарушы болып үнемі күшеюмен немесе жоғары жиiлiкпен жүретiн аймақ жатады. Көбірек тараған газ - гелий неонды лазерi болады, ол ұзын толқын-диапозонды қызыл (0,63 мкм) немесе инфрақызыл (1,06 мкм) сәуле генераторлаушы болып саналады. Спектрдің жасыл бөлiгiнен иондалған аргонды (0,48-0,51 мкм), ультракүлгiн аймақта молекулярлық азотты (0,337 мкм) және алыс инфрақызыл аймақта азотты көмірқышқыл газымен (10,6 мкм) қосылуын қолдану арқылы сәулелер алынады.

Газдық лазерлер жиi үздiксiз сәулелену режимінде жұмыс iстеп, оның қуаттылығы бiрнеше милливольттан бiрнеше киловольтқа дейiн өзгерiп тұрады. Халық шаруашылығында толқын ұзындығы 0,33; 0,49; 0,63; 1,06; 10,6 мкм сәуле генерализацияланатын лазерлер қолданылады.

Лазер қондырғылары өндiрiсте әртүрлi технологиялық мақсаттарда (микроконтактiлердi жалғау, өте қатты металдарды кесу және өңдеу үшiн және т.б.), ғылыми зерттеулерде, биологияда, медицинада, телекоммуникациялық байланыстарда, фотографияда, спектроскопияда, химияда, геодезияда, көптеген ғылымның басқа аймақтарында және техникада кеңінен қолданылады. Лазерлi қондырғылармен жұмыс істеген, қызмет етушiлерге белгiлi потенциалды қауіп төндiредi.

Лазерлік сәуленің мүшелерге әсері және патогенезі. Лазерлiк сәуленің термиялық (күйдiргiш) әсері бар, сонымен қатар, тіндерде болатын электромагниттiк аймақтың кернеуін өзгертетiн қасиетін бейнелейді. Бұл кезде лазер сәулелер сипатының (толқын ұзақтығы, тығыздығы, күшi, энергия үдемелiлiгi) және тiндер қасиеттерінің (жылу көлемi, жылу өткiзгiштiгi және т.б.) үлкен маңызы бар.

Лазер қондырғыларымен өндiрiстiк факторлардың кешенiнде жұмыс iстегенде, негiзiнен жұмыс iстеушiлерге монохромды лазерлiк сәулелер үнемі әсер етуiнде, техника қауіпсіздігін дөрекi бұзғанда болуы мүмкін. Бірақ лазер қондырғыларымен жұмыс iстейтiндер шағылысқан және жайылған сәулелерден ОКГ -ң бетiндегi әртүрлi оптикалық элементтер мен сәуле жолында орналасқан нысаналар, құралдар, сонымен қатар, өндiрiс орындарының қабырғаларынан әсер алады.

Шағылысқан және жайылған лазерлiк сәулелердің тығыздығының маңызы шағылыстыратын материалдық құрамына және табылуына, лазердің қуатына және шығатын энергиясына байланысты. Күштi импульстi лазерлермен жұмыс iстегенде шығатын энергия жүздеген Дж-ге, шағылысқан лазер сәулесінің энергия тығыздығы кейде 10-2 - 10-3 Дж/см2-ге дейiн жетедi.

Осындай қатты деңгейдегі лазерлiк сәулелер берген елшемнен жоғары болғанда көздің торлы қабатын зақымдайды, ереже бойынша оператордың көзiне сәулелер аз көлемде түседi, себебi генерация кезiнде, зерттеушi өзiн сақтау шараларын қолданады: көзiн жабу, көзiлдiрiк кию, бұрылып басқа жаққа қарау және т.б. Технологиялық үрдiстiң ерекшелiгiне байланысты шағылысқан лазерлiк сәулелер кәсіби арнайы емес факторлармен бiрiгiп, оптикалық кванттық генераторлардың (ОКГ) теріс әсерін күшейтедi. Мұндай факторларға көзге жарықтың жеткiлiксiздiгi немесе бiркелкi түспеуi көру анализаторын тез шаршатады, лазерлiк сәуленің әсерін күшейтеді. Кейде күштi импульстiк ОКГ-қ жұмыс жағдайында шу өте жоғары (120 дБ) болады және спектрдегi жиiлiк 125-400 Гц-ке жетедi. ОКГ тұрған жерде ауаның газдық және иондық құрамы өзгермейдi, бірақ ұзақ жұмыс жағдайында ауаның иондық құрамында азон және басқа зиянды қосылыстар көбейеді. Лазерлiк қондырғылармен жасаған адамдарда нервтік көңіл-күй жағдайлары тұрақты түрде зорығумен жүредi. Сәуленің және электрлiк тоқтың жоғары дәрежедегі кернеуі ағзалардың қалыпты ритмдегi жұмысын бұзады, әртүрлi ағзалардың ауруларының пайда болуына әкеледі. Даму механизмiнде: лазерлiк сәуленің биологиялық әсері күрделi. Лазерлiк сәулеленудің әсерінен болған биологиялық жылжулар негiзiнен термиялық (күйдiргiш), механикалық, фото-электрлiк және фотохимиялық құбылыстарды туғызады. Лазерлiк құрылымдарды қолданғанда көру ағзасы едәуір зақымдалып, оның жұмысы бұзылады. Әсіресе, көдің торлы қабаты мен нұрлы қабығы оған өте сезiмтал. Көздің зақымдалуы тіке жарық сәуленің, осымен бiрге әртүрлi нәрседен шағылысып шыққан жарық бейнелерінің түсуінен және шашыраңкы лазерлiк сәулелерден байқалады. Кәдiмгi термиялық факторлардан туатын зақымданулар күйiк тәрiздi, ал жоғары деңгейдегі энергияның әсерінен кездің торлы қабығында қан құйылулар байқалады.

Көздің нұрлы қабығына аз мөлшерде әсер еткен сәуле энергиясының тығыздығы торлы қабығын да зақымдайды, себебi көздің оптикалық жүйесінің заңы бойынша сәуле оған фокустанады. Лазерлiк сәулелену басқа да ағзалар мен тіндердің патологиялық өзгерiстерiне әкеледі: бас, мойын, тері, iшкi ағзаларды. Терiдегi өзгерiстер: сәл эритемадан терең некрозға дейiн, терінің құрғауына, жарылып тiлiнуiне, күюiне, оның әртүрлi дәрежедегі дақтардың болуына, қоңырлануына-қараюына әкеледі. Ұзақ ОКГ-ң әcepi орталық нерв жүйесiнде, жүрек-қантамырлар және т.б. жүйелерiнде әртүрлi дәрежелік қызметтік бұзылыстарды туғызады. ОНЖ-ң қызметтік өзгерiстерi едәуір вегетативтiк реакциясымен және қантамырлардың дисфункциясымен көрiнедi, гипотонияға бейiмдi болады. Нерв жүйесiндегi қозу мен тежелудің реттелуi бұзылады. Шағылысқан және шашыранды лазерлiк сәулелер қызметтік нейрогуморалдық бұзылыстардың пайда болуында маңызы зор. Осы жоғарыда келтiрiлген өзгерістердің жиiлiгi мен оның дәрежесі үдемелi лазерлiк сәулеленудің жоғарылауына және жұмыс өтiлiне байланысты. Клиникалық сипаттамасы. Лазерлiк сәулеленудің клиникалық көріністері бiртiндеп дамиды. Аурудың алғашқы сатысында науқастың шағымдары жалпы әлсiздiк, тез шаршағыштық жиi жұмыс соңында пайда болады. Демалыс күндерi аурудың жағдайы жақсарады, ал кезектi ұзақ демалыс кезiнде аурудың жағдайы толығымен қалыпты жағдайға келедi. Кейiн бас ауыру, әсіресе, бастың маңдай және маңдай-самай аймағының ауыруы жиi-жиi байқалады. Жұмыс кезiнде науқас көздің тез шаршайтынын, көз алды тұманданып тұратынын, қарағанда затты анық көре алмауын айтады. Жоғарғы тiтiркенгiштiк, көзінің жасаурауы, ұйқысының бұзылуы және жүрек аймағының жиi ауыруына, жүректiң тез соғуына, кейде жүректiң тоқтағандай сезiмiнiң болуына шағымданады. Осы субъективтiк бұзылыстардың айқындылығы лазерлiк қондырғылардың қуаттылық дәрежесіне және жұмыс істеген ұзақтығына байланысты. Жүрек-қантамыр жүйесiнiң қызметтік бұзылыстары ангиодистониялық реакциялармен сипатталады.

Объективтi зерттегенде пульс пен артериалдық қысымның тұрақсыздығы, оң және сол қолда оның асимметриясы байқалады. Осиллографиялық зерттеу кезiнде табылған өзгерiстерде тамыр тонусының төмендеуi, оның сызығы едәуір теріс осилляция мен үшкiр шың тәрiзденiп, осциллографиялық индекстің жоғарылауы анықталады. ЭКГ-да жүрек ритмiнiң бұзылуы, жиi синустық брадикардия, ауыр жағдайда миокардтың қоректенуінің бұзылуынан Т тісі төмендеген, кейде ол 2 фазалық немесе теріс, P-Q интервалының өзгеруi, қарыншалық QRS кешенiнiң төмендеуi және деформациясы табылады. Ангиодистониялық синдромның көрінісі пульстің сиреуi немесе жиiленуiмен, көз бен жүрек-қантамыр жүйесiн тексергенде орто- және клиникостатикалық рефлекстердің жиi оң болуымен байқалады. Физикалық жүктемеге жүрек-қантамыр жүйесiнiң реакциясы астениялық және дистониялық типтi болып, артериалық қысымның және пульстің қалпына келу кезеңінің баяулауымен сипатталады.

Неврологиялық-вегетативтік бұзылыстың көріністері жалпы немесе қол-аяқтың дисталды гипергидрозымен, акроцианозымен, тұрақты қызыл дермографизм, пиломоторлы рефлекстің күшеюмен көрiнедi. Вегетативтi реакциялардың өзгеруi вегетативтi рефлекстердi зерттегенде анықталады: тері температурасы мен тершеңдіктің ассиметриясы және дисталдық гипотермияға бейiмдiлiк анықталады.

ОЖЖ клиникалық-қызметтік бұзылыстары вегетоастениялық, сирек невростениялық синдроммен көрiнедi. Ерте бұзылыстарына вегетативтi дисфункциялар жатады. Көру анализаторының функциясының бұзылу шағымдарында кенеттен көрудің төмендеуi, көз алмасындағы қысым және ауру сезiмiне шағымдану кiредi. Тексергенде көз бұршағында қысым және көптеген нүктелi лайланулар анықталады. Көз бұршағындағы түзiлiстер әлі толық зерттелмеген. Шеткi қандағы өзгерiстерiнде орта дәрежелі тромбоцитопения, лейкоцитоз, моноцитоз, лимфопения тән. Кейбiр жағдайда қанда протромбин индексiнiң төмендеуi болуы мумкін.

Лазерлi сәулеленудiң созылмалы әсерінің айқын көрінісі астениялық немесе невростениялық синдром негiздерiнде дамитын вегетативтi және ангиодистониялық бұзылыстар үдеуiмен сипатталады. Ангиодистониялық бұзылыстардың айқын және тұрақты сипатта болып, кенет тұрақсыздықпен (лабильдiлiкпен), артериалық қысымның және пульстің ассиметриялығымен, ЭКГ өзгерiстерімен де көрiнедi. Ауыр жағдайда вегетативтi криздер жиi байқалып, ол бастың қатты ауруымен, бас айналуы, жүрек тұсының ауруымен, тахикардия, қолдың мұздауымен сипатталынады.

Айтылған өзгерiстерге арнайылылық тән емес. Емханалық жағдайда науқасты бiр реттiк зерттеуде кәсіби сипаттық өзгерiстер жиi анықтала бермейді. Диагнозды қою, зерттеу нәтижелерiне және еңбек гигиеналық санитарлық жағдайына негiзделуi керек. Лазерлiк сәулеленудің әсерінен ауру лазерлi құрылғылармен жұмыс iстегенде, сонымен қатар, басқа вегетативті-қантамырлық дисфункцияға әкелетін этиологиялық. фактор болмағанда күмәндануға болады (инфекциялық аурулар, психикалық жарақат, т.б.). Тереңірек зерттеу аурухана жағдайында және әсіресе операция алдында, динамикалық бақылауда жүргiзiледi: көңіл-күй әсері, жалпы объективтi жағдайы, жұмысындағы үзiлiстер, мысалы, кезекті демалыс, уақытша басқа жұмысқа ауысуы, қайта қарауда жағдайының бұрынғы орнына келуi. Диагноз қоюда негiзгiсi қантамырлық және нейродинамикалық бұзылыстар мен кәсіби табиғаттық анамнездi негiздеу маңызды болады. Емі. Патологияның бастапқы көрінісі медикаментозды ем берiлмей, тек еңбек және демалыс режимiн рационалды орындауымен-ақ жоғалады. Ауру айқын көрініс берген жағдайда науқастарды жұмыстан босатып емханалық-амбулаторлық немесе аурухана жағдайында белсендi емдеген жөн. Емі кешендi болып, бұзылған ағзалардың қызметін қалпына келтіруге бағытталуы қажет. Тыныштандырғыш және жалпы тонусты жоғарылататын дәрілік заттар берiледi: бром мен пустырник тұнбасы, кофеин, жень-шень, қытай лимоннигі, көктамыр iшiне глюкозаны С, В витаминімен немесе поливитаминдер iшке, тері астына дуплекс қолданылады.