Пьер Жозеф Прудон (; 15 қаңтар, 1809, Безансон — 19 қаңтар, 1865, Париж) — француз ұсақ буржуазиялық социалисі, анархизм теоретигі. «Жеке меншік деген не? (1840) атты кітабы жарияланғаннан кейін даңқы шықты, онда «жеке меншік-ұрлық», деп дәлелдеді. 1844-1845 Парижде К.Маркспен танысты, К.Маркс оның революциялық көзқарасын қалыптастыруды көздеді. «Экономикалық қайшылықтар жүйесі немесе қайыршылық философиясы» (1846) атты шығармасында кредит пен ақша айналымына реформа жүргізу арқылы қоғамды өзгерту жолын ұсынды, коммунизмге өршелене шабуыл жасады. Маркс «Философияның қайыршылануы» атты еңбегінде (1847) П. идеясын күйрете сынады. 1848 жылғы революция кезінде Құрылтай жиналысына депутат болып сайланды.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Санат:Франция философтары Санат:Франция анархистері Санат:Франция социалистері