Олпорт Гордон Уиллард (1897- 1967) - америкалақ психолог. Ол жеке тұлға туралы теориясында гуманистік және жеке даралық тұрғыны қосарластырып түсіндіреді. Олпорт адам табиғатының- жеке тұлғалық дамуы адамныңөзін- өзі жеңе білу өз мүмкүндіктерін толық іске асыра білу аспектілерін зерттеді. 1937 жылы тұлға анықтамасының 50- ге жуық түрін жүйелеп, солардың ішінен: осы терминнің этимологиясына, теологиялық мәніне, философиялық түйініне, әлеуметтік мәніне және оның сыртқы көрінісі мен ішкі психологиялық мәніне байланысты оларды жеті топқа бөліп қарастырды. Негізгі еңбектері "Тұлға: психологиялық интерпретация" "Адам және оның діні" "Тұлға психологиясының негізгі мәселелрі" және т.б

Психология: Энциклопедиялық сөздік./ Бас ред. Б. Ө. Жақып — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011 ISBN 9965-893-71-3 Дереккөздер

Санат:1897 жылы туғандар Санат:1967 жылы қайтыс болғандар Санат:Психологтар