Шаймұхамбет Сапиев (10. 9. 1926 ж.т., Талдықорған обл., Талдықорған ауданы, Шұбар ауылы — 1996) – Кеңес партия қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1966). 1948 жылдан КОКП мүшесі.
Өмірбаяны Талдықорған зоотехникалық-мал дәрігерлік техникумын (1967), Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын (1958) бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты (1971).
1945 ж. Совет Армиясы қатарында болды.
1945 – 1949 ж. Шұбар сельсоветінің секретары,
1949 – 1952 ж. Талдықорған ауд. аткомының секретары.
1952 – 1960 ж. Талдықорған ауд. аткомы председателінің орынбасары. Талдықорған обл. аткомының бөлім меңгерушісі, Бөрлітөбе ауданы аткомының төрағасы.
1960 – 73ж. Андреев ауд. партия комитетінің 2-секретары, ауаткомының председателі, Андреев және Панфилов ауданы партия комитетінің 1-секретары.
1973 жылдан Талдықорған обл. партия комитетінің секретары.
Қазақстан Компартиясының 13-съезінде ОК-нің мүшелігіне сайланды.
Екі рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталғанҚазақ энциклопедиясы.
Дереккөздер
Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Экономика ғылымдарының кандидаттары