Курнаков Николай Семенович (06. 12. 1860, Нолинск, қазіргі Киров облысы — 19. 03. 1941, Барвиха, қазіргі Москва облысы) — совет химигi, физика-химиялық анализдiң негiзiн салушы. Академик (1913): РКФСР-дiң еңбек-ғылым қайраткері (1940). 1882 жылы Санкт-Петербург таукен институтын бiтiрiсiмен, сонда оқытушы (1893 жылдан профессор) болған. 1902- 1930 жылдары Санкт-Петербург (Ленинград) политех. институтының профессоры. Ғылым академиясының жанындағы Ресей табиғи өндiрiс күшiн зерттеу комиссиясын ұйымдастырушылардың бiрi және председателiнiң орынбасары (1915- 1926). КСРО ғылым академиясының өзi ұйымдастырған физ.-хим. анализ институтының (1918), Платина т. б. асыл металдарды зерттеу институтының (1922), 1934 жылдан Жалпы және анорганик. хим. институтының директоры. Д. И. Менделеев атындағы Үлкен сыйлық (1924) алған.Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6 Дереккөздер

Санат:1860 жылы туғандар Санат:1941 жылы қайтыс болғандар