Модалды логика () — мәлім тұжырымның сөзсіздігі мен мүмкіндігін зерттейді. Философия және қатысты салаларда "мүмкін","сөзсіз","тиісті" және басқа сөздермен сипатталатын бұл логика формасы ғылыми, жауапкершілік және себептілік секілді ұғым формаларын түсіндіретін құрал. Ол формалды тұжырым теориясы, символды логиканың бір бөлігі. Мысалы "Кейбір елдерде диктатура орнауы мүмкін," немесе "Барлық өсімдіктің бойында сөзсіз ылғал болады," т.б. Модалды логика пікірдің логикалық құрылымын, логикалық тұжырымның модалды заңын және ережелерін зерттейді. Модалды пікірлер, белгілер тілінің көмегімен, формула, аксиомаларды қолдану арқылы әр түрлі модалды пікірлердің формалдану дәрежесі мен растық мәнін сипаттауға және сандастыруға пайдаланылады.
Санат:Логика Санат:Математикалық логика Санат:Философиялық логика