Құмбар – Лепсі өзенінің аңғарындағы құмды алқап.
Географиялық орны Жетісу облысы Сарқан ауданы, Көкөзек ауылының солтүстігінде 16 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 491 м. Солтүстіктен шығысқа қарай доға тәріздес 20 км-ге созылған, енді жері 7-8 км шамасында. Жер бедері ұялы жалды төбешіктерден тұрады. Орта және жоғарғы төрттік кезеңінің шөгінділерінен түзілген. Солтүстік-батысында Үлкен Алтай көлі жатыр. Құмбар бойында Соленая және тағы да басқа қыстаулары орналасқан.
Өсімдігі Құм, сортаңды сұр топырақ жамылғысында сұр жусан, ши, ажырық аралас астық тұқымдас шөптесіндер, бұталар өседі. Жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Жетісу облысы құмдары